Құмар ойындармен Қайрат та ауырған екен. Бір кездері казино ойнаған. Ақшасын соған шашқан. Бірақ, аман-есен арылыпты. Кейбір жаман достары әншіні бұл жолға түсуге азғырған екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасына сұхбат берген Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді.
“Бұл ауыр кез болды. Құдай шүкір, қазір Қайрат онысын қойған. Қайраттың қолында ақшасы көп болғасын оны азғырушылар да көп болды. “Қайреке, қайда барамыз?” деп жанынан шықпайды. Солар сүйрелеген ғой. Бірақ, ұлым ақылды. Кейін өзі қойып кетті.