Танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Мейрамбек Беспаев дуэт болып бірігіп, тыңдарманға жаңа ән ұсынбақ.
“Бүгін мен үшін тарихи күн”, – деп жазды ол.
Қайрат пен Мейрамбек қандай әнді бірге шырқап шығатыны әлі белгісіз. Дегенмен, халық оны тыңдағысы кеп, дуэттің әнін тағатсыздана күтуде.
Мейрамбек пен Қайраттың мұндай дуэтіне халық түрлі пікірлерін де аяған жоқ. Тіпті желі қолданушылардың бірі Мейрамбек Қайратпен бірге ән салу арқылы бір көтеріліп қалатынын да жеткізді.
Дереккөз: nur.kz