Айнұр Тұрсынбаева: Ашып айтпаса да, екінші әйел болып жүргендер көп

318 просмотров

Қыдырәлінің мерейтойлық концертінің алдында Қарақат “Тоқал алып беремін” деп жұртты шулатқан болатын. Әріптестерінің бірі оларды расымен де ажырасқалы жатыр десе, енді бірі керісінше отбасының тату-тәтті екенін айтқан. Кейінгілерінің қатарында Айнұр Тұрсынбаева да бар.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасаған Stan.kz хабарлайды.

“Қасымдағы кісілер Қыдекеңе қарап “Мына кісіні елуде деп кім айтады” деп жатыр. Расымен де, Қыдекеңнің сахнадағы биі мен энергетикасына қарап ол кісіні елуде деп айту қиын. Қарақат екеуі өзінің бақ-беделін жоғалтпаған, өзінің биігінен еш төмендемеген жұп. Сондықтан махаббаттары мәңгілік болсын дегім келеді”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Ары қарай айтыскер ақын тоқал алу мәселесі туралы сөз қозғады. Қазақ қоғамында ашып айтпағанымен, бүгінде ер азаматтың екінші әйелі болып үйленіп жатқандардың бар екені туралы да айтты.

“Қарақат біз білмейтін, қоғамда жоқ, қазақ түсінбейтін нәрсені айтқан жоқ. Қарақат бар болғаны “Қыдекең тоқал алғысы келсе, қарсылығым жоқ” дегісі келді. Рұқсатымды беремін, туған күніне сыйлығым сол болсын деді. Бұл мұсылмандар әлемінде бар нәрсе болғандықтан, шошынып қараудың қажеті жоқ. Біздің қоғамда ашып айтылмаса да, екінші әйел болып, екінші отбасы болып жатқандар өте көп. Сондықтан одан шошынудың қажеті жоқ”, – дейді ол.

Айнұр Тұрсынбаева “Kazaitys.kz” порталының оқырмандарымен пікір алмасып отырып өзінің екінші рет тұрмысқа шыққанын, жолдасының өзі туралы айтылғанды көп қаламайтыны туралы баяндаған болатын

Айтыскердің қазіргі жолдасы – Шамсат Исабеков. Еліміздегі шенді қызметкер әрі Таэквандо федерациясының президенті.

 

 

Загрузка...