Айдос Сарым: «Үш ай бойы мораторийді ұзарту үшін ғана жұмыс істедік пе?»

115 просмотров
Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында саясаттанушы Айдос Сарым жиынға қатысушыларға осындай сауал тастады.  

«Үш ай бойғы жұмыстағы біздің бар нәтижеміз мораторийді созу ғана ма? Мұны елге айтудың өзі ұят секілді. Менің ұсынысым, екі-үш топты қалдырып, халыққа осы мәселені түсіндіретін бір құжат әзірлеу керек. Біз үш ай бойы осынша әңгіме айтып, халықпен жүздесіп, енді Елбасыға осындай ұсыныс айтуымыз ұят. Сондықтан, мынадай мәселелер бойынша комисиия мәмілеге келді, мына мәселе бойынша бір тоқтамға келе алмады деп басын ашып жазу керек. Тек, дау туғызған жерді жеке меншікке сатуға бола ма, болмай ма деген мәселеге қатысты мораторийді созу туралы ұсынысты Елбасыға айтайық.

Сонымен қатар, комиссияның белсенді мүшелерін заң жобасын парламентте қорғауға қатыстырайық, осында айтылған ұсыныстар заңға енуі қамтамасыз етілсін», – дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы, сонымен бірге Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы 27 мың гектар жердің Германия азаматына берілуі туралы да мәселені мұқият зерттеу қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: Qamshy.kz

Загрузка...