Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерін “Алаш лицейлері” деп атауды ұсынды

Өз кезегінде журналист Әуесбайдың Қанаты қазақ-түрік лицейлерін жабуға болмайтынына бес себеп келтірді. Өз басым қазақ-түрік лицейлерін жабуға қарсымын. Жиырма жылдан аса уақытта білім тұрғысынан тек пайдасы болмаса еш зияны болған жоқ. Жабуға болмайтынына бес себеп келтірейін. 1. Бүгінде қазақ-түрік лицейі деген аты болмаса, онда Түркияға қатысты ештеңе жоқ. Тіпті, түрік тілі пән ретінде оқытылмайды да. Тек факультатив қана. Яғни, оқушылар түрік тілін қаласа оқиды, қаламаса оқымайды деген сөз. Мәселе атында ғана болса, онда қазақ техникалық лицей деп өзгертуге болады. 2. Мұғалімдердің басым көпшілігі Қазақстанның азаматтары. Лицей директорларының бірен-сараны болмаса көпшілігі біздің елдің азаматтары. 3. Қазақ-түрік лицейлерін Түркия үкіметі емес, Қазақстан үкіметі қаржыландырады. 4. Қазақ-түрік лицейлері ең бастысы, Қазақстанның білім беру стандарты бойынша оқытады. Бұл өте маңызды. Мәселенки, біз білетін Астана мен Алматыда жұмыс істейтін Хэйли Бэйри мектептері Қазақстанның білім беру стандартын пысқырмапты да. 5. Жалпы рейтинг бойынша еліміздегі білім беру мекемелері арасында қазақ-түрік лицейлері бірінші орында”, – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз