Айдар Байжанов: Әйел емес, қатын деп айту керек

2 175 просмотров

«Жігіттер» тобының белді мүшесі, әнші Айдар Байжанов әйел баласының қазіргі қоғамдағы рөліне қатысты өз-ой пікірін білдірген екен. 

Бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазған. Автордың айтқысы келген ойын бұзып алмау үшін, Айдардың жазбасын қаз-қалпында бердік.

 «Қатын» сөзі дөрекі, әрі басынғандық түрінде естіледі. Күйеуге шыққан қыздарды қазақтарда қатын дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. «Қатын «байырғы қазақ тілінде «құтым» (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында «құтым» сөзі «қатынға» ауысыпты. «Қатын» сөзі араб тілінде хатун “таң нұры”. Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да «қатын» сөздері кездесіпті.

«Қатын» сөзін қазіргі қазақшаға аударғанда «ханым» дегенді білдіреді екен. Түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде «қатын» сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін “хотун” деп, сол иіске әйел затын теңестіргендігі жайлы айтылыпты. «Қатынның» мағынасы дұрыс сияқты.

Ал, қазір «әйел» деген сөзді әспеттейтін болдық. Бірақ, «әйел» сөзі «Әй, ел!» деп енелердің менсінбеуінен, яғни жат жұрттық, басқа елдікі деп «әй, ел!» басынғандығынан шыққан дейді. Мүмкін бұл рас та шығар, бірақ түбі бұл сөздің жақсы емес екені анық.

Көбіміз әлі күнге «қатыннан» қашып, «әйелді» ардақтап жүрміз».

"Қатын" сөзі дөрекі, әрі басынғандық түрінде естіледі. Күйеуге шыққан қыздарды қазақтарда қатын дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. "Қатын "байырғы қазақ тілінде "құтым" (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында "құтым" сөзі "қатынға" ауысыпты. "Қатын" сөзі араб тілінде хатун “таң нұры”.Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да "қатын" сөздері кездесіпті. «Қатын» сөзін қазіргі қазақшаға аударғанда «ханым» дегенді білдіреді екен. Түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде "қатын" сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін “хотун” деп, сол иіске әйел затын теңестіргендігі жайлы айтылыпты. "Қатынның" мағынасы дұрыс сияқты. Ал, қазір "әйел" деген сөзді әспеттейтін болдық. Бірақ, "әйел" сөзі "Әй, ел!" деп енелердің менсінбеуінен, яғни жат жұрттық, басқа елдікі деп "әй, ел!" басынғандығынан шыққан дейді. Мүмкін бұл рас та шығар, бірақ түбі бұл сөздің жақсы емес екені анық. Көбіміз әлі күнге "қатыннан" қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз. "

A photo posted by Айдар Тұрғанбек (@aidar_turganbek) on

Загрузка...