Айқын әншілікті тастап, тәртіп сақшысы атанды

92 просмотров

Айқын Төлепберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында полицейдің киімін киіп түскен суретімен бөлісіпті. 

Әншінің тыңдармандары болса «бұл Айқын бас рөлді сомдайтын сериалдың түсірілімі» деген болжам жасапты. 

Ал Айқынның өзі суреттің тұсына “Әне, біреу қызылға өтіп бара жатыр. Тоқтатайын. Түрі таныс, әнші ғой деймін…” деп жазып қойған екен. Соған қарағанда әнші жол ережесін жиі бұзатын болуы керек және тәртіп сақшыларынан да әбден зәбір болған сияқты. 

Желі қолданушылары өз кезегінде тәртіп сақшысының киімі әншіге жарасып тұрғанын жазған. 

“Айқын, полициясының формасы саған жақсы жарасады екен. Мүмкін саған осы салаға ауысу керек шығар. Анда-мында жүгірмейсің. Бір орында тұрып ысқырып-ақ ақша табасың”, “Жарасып-ақ тұр! Әнші болмасаң, полицей болатын адамсың ғой” депті әлеуметтік желідегі қауым.

Загрузка...