Ай-күні жақындап отырған екіқабат келіншек басы жарылып, ауруханаға түсті

309 просмотров

Аяғы ауыр келіншекті күйеуі сабап тастапты.

Бұл туралы «Актобе Таймс» жазады.

Сәрсенді күні қаладағы Медициналық жедел жәрдем ауруханасына басы мен аяғында жарақаттары бар аяғы ауыр келіншек келіп түсті. Ол күйеуі екеуі кафеден шыққанда сөзге келіп қалғаны белгілі болды. Сөйтсе оған қол көтерген өз күйеуі екен. Ол оны басынан ұрған. Келіншек жүктіліктің соңғы — 36 аптасында екен. Әйелді қараған дәрігер оны арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жөнелткен.

Құдай сақтағанда, шешесінің ішіндегі бала дін аман.

Бас дәрігердің орынбасары Владимир Авраменконың айтуынша, баланың жағдайы қалыпты.

— Қарнынан ұрмаған. Бірақ аяғы ауыр әйелге қол көтерудің өзі, барып тұрған бассыздық қой. Гинекология жағынан қауіп жоқ. Қазір ол келіншек нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр, — деді дәрігер.

Таяқ жеген әйел күйеуін кешіріп те үлгеріпті. Ол үшінші баласына екіқабат екен.

Загрузка...