«Ахмадбайдың» қазынашысының үйінен екі көлік тола ақша табылды

202 просмотров

Өзбекстанның құқық қорғау органдары кәсіпкер Ахмад Турсунбаевтың «қаржы пирамидасын» құру жөніндегі қылмыстық істі тергеу барысында, оның Иззат есімді қазынашысының үйінен қомақты ақшаны екі көлікке тиеп шығарды.

«Озодлик» радиосының (Азаттықтың өзбек қызметі) құқық қорғау органдарындағы дереккөзі бұл ақпаратты растайды. Оның сөздерінше, ақша үйде төрт метрлік тереңдіктегі арнайы бункерде сақталған. «Ахмадбайдың» қазынашысының үйіне Тәшкенттен арнайы топ 26 тамызда келген. «Кассирші Иззаттың үйінен өте көп ақша табылды. Біз Isuzu маркалы екі көлікпен ақшаны қалай тасып жатқанын алыстан бақыладық»,– дейді дереккөз.

Ахмад Турсунбаев «Чиноз ҳалол чорва» және «Чиноз авто хамкор» фирмаларының құрылтайшысы. Оның қызметкерлері жылдық үлесі 100 пайыз көлемінде ақша төлейміз деп ірі көлемде ұлттық және шетел валютасымен халықтан салым алып отырған.

Үстіміздегі жылдың 15 маусымында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 38 жастағы кәсіпкер Ахмад Турсунбаевты тұтқындады. Оны алаяқтық жасады, ақшаны заңсыз сақтады деп айыптап отыр.

Өзбек телеарналары көрсеткен арнайы бағдарламада кәсіпкер Ахмад Турсунбаев кінәсін мойындап, клиенттерінен кешірім сұраған.

B4DB68C1-3B2C-4BE0-B3AA-5E6AF54A401F_w987_r1_s

Загрузка...