Агросекторға бөлінетін мемлекеттік несие арзандайды

75 просмотров

2017 жылы еліміздегі агросекторына арналған мемлекеттік несиелердің сыйақы мөлшерлемесі төмендейді.

Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап, LS хабарлады.

Ауылшаруашылығы министрлігі инвестициялық саясат департаментінің директоры Зарина Карденованың айтуынша, келесі жылы бюджет ақшасы ҚазАгро АҚ-тың еншілес компаниясы — Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы беріледі.

„Осындай өзгерістің арқасында сыйақы мөлшерлемесі 1,5 пайызға арзандайды. Қазір мұндай несиенің сыйақы мөлшерлемесі 6-дан 9 пайыз аралығын қамтиды„ дейді ведомства маманы.

Стратегиялық жоспарлау және сараптау департаментінің директоры Арнұр Мұхамеджановтың сөзіне қарағанда, биыл мемлекеттік қолдауға шамамен 178 млрд теңге қарастырылған. Бұл сомаға мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, инвестициялық субсидиялау, тұқым, тыңайтқыштар сатып алу, су жіберу және тағы басқасы да кіреді.

„Жыл сайын бізде қаржы жетпей қалады. Мысалы, соңғы 2 жылда шамамен 100 млрд теңге. Бірақ қазір Елбасының тапсырмасымен жаңа мемлекеттік бағдарлама қолға алынды. Соған байланысты қаржыландыру ауқымы артады„ деп пікір айтты Мұхамеджанов.

Загрузка...