Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Африкамен теңестік: Қазақстан әлемдегі ең кедей елдердің қатарына қосылды

Соңғы девальвациядан кейін Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы аспанға шарықтап кеткені туралы осыған дейін жазылған болатын. Бұл да халықтың қалтасына салмақ түсіргені жасырын емес. Теңге  бағасы 40 пайызға құнсызданып, қаржылық қиындық қос өкпеден қысқанда қарапайым халық қайтерін білмей қалғаны да шындық.

Оның үстіне, Ұлттық Экономика министрлігі, статистика комитетінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы тамызбен салыстырғанда 3,5%-ға өскен.

2015 жылғы тамызда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаларға 18,9%, алкогольді ішімдіктерге – 8,9%-ға, кофе, шай және какаоға, тоқаш және ұн өнімдеріне – 7,1%-дан, кондитерлік өнімдерге – 6,8%, нанға – 6,2%, балық және теңіз өнімдеріне – 5,9%, ұнға – 4,9%, макарон өнімдеріне – 3,9%, сүт өнімдеріне – 3,8%, жемістер мен көкөністерге – 1,7%-ға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 9,6%, май және тоң майға – 0,9%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 0,8%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 6,1%, шошқа етіне – 5,1%-ға жоғары болды, ал құс етіне – 7,2%, қой етіне – 0,7%-ға төмен болды.

Естеріңізде болса, нан бағасы 300 теңге болсын деп парламенттегі Қоңыровтың баласы қоңырсытқаны туралы қазақстандық БАҚ жарыса жазған болатын. Былай қарасаңыз, Қазақстанда нан бағасын өсіруге еш негіз жоқ та. Бидай өзімі де өсіріледі. Ұн шығарамыз. Тіпті, сол ұнды экспорттаймыз да. Соның сыртында, 17 млн халықты асырау үшін өндірілетін ұнның 20 пайызы жетіп артылады-мыс. Ал қалған 80 пайызы сыртқа экспортталады.

Бір бөлке нанның құны – Норгевияда 705 теңгеден басталса,  АҚШ-та 644 теңге, Оңтүстік Кореяда 537 теңге,  БАӘ-де 205 теңге

Осы ретте, Қазақстан мен әлемнің өзге мемлекеттеріндегі нан бағасын салыстырып қарайтын болсақ, бір бөлке нанның құны – Норгевияда 705 теңгеден басталса,  АҚШ-та 644 теңге, Оңтүстік Кореяда 537 теңге,  БАӘ-де 205 теңге тұрады. Ал Қырымда бір бөлке нанның орташа бағасы – 83 теңгеден сатылады. Қазақстандағы орташа баға – 60/55/45 теңге көлемінде.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда мұнай өндірумен нақты 50 мыңнан астам адам шұғылданады. Ал мұнайға қызмет көрсету саласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Яғни, ғылыми зерттеу жұмыстары, құрылыс нысандары, ас-суы, логистика, бұрғылау, скважинаны дамыл-дамыл жөндеу жұмыстары, жер асты жөндеу, құрал-жабдықтар жеткізу сынды осы секторға қатысты қыруар жұмысқа 300 мыңнан астам адам тартылып отыр. 300 мың адамның отбасы бар дейік, әрқайсының 2-3 баласы жоқ дегенде бар. Яғни, 1 миллион 200 мыңнан астам адам мұнай-газ секторының арқасында ел қатарлы еңбек, отбасын асырайды деген сөз. Ендеше қаржылық қиындық, жаһандық дағдарыс дегенге Қазақстан пысқырып та қарамайтын  жағдайда болуы керек еді ғой.

Ал соңғы девальвациядан кейін Қазақстанда азық-түлік өнімдері бағасының өсуін енді тоқтату қиын болатыны сөзсіз. Ішкі себеп – ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқарып, халық санының өсуі. Ал халықтың кірісі азық-түлік өнімдерінің бағасына сай көбейіп отыруы – екіталай. Бұл жағдай негізінен ұн мен нанды талғажау ететін отбасылардың көбеюіне душар етті. Осыдан кейін Қазақстан әлемнің ең кедей мемлекеттерінің қатарына қосылмай қайтеді?!

13032015_16-46-13

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз