Адамға үйленуге қаржы жетпеуде

85 просмотров

Биылғы «Славян базары» байқауында әнші Adam бірнші орын иеленген-ді. Сол кездің өзінде ол ұтқан қаржысын үйлену тойына жұмсайтынын хабарлады. Бүгінде ол ақшаны жұмсап қойыпты.

Бұл туралы gakku.kz хабарлайды. 

Adam: «Иә, ұтысты үйлену тойыма жұмсаймын. Оны жұмсап тастадым десем де болады. Той 25-ші қыркүйекте өтеді. Жоспарымда кәдімгі қазақи той өткізу. Кішкене ерекшеліктер қосамын әрине».

Ұтыстан тиген қаржы тойға жетпепті де. Ол үшін тіпті көлігін сатуға да тура келген. Расыменде қазақи той болатын секілді. Ал, жүрегін жаулаған арудың есімі Дана. Болашақ жары жайлы толығырақ өзі айтып берсін.

«Павлодар өңірінің тумасы. Менен кіші, мамандығы ғылыми географ. Тағы не айтсам болады?!.. Шығармашылық адамы, ақкөңіл, үнемі мені қолдап жүреді»,- дейді Adam.

Әрине, өз адамын кезіктіру үлкен бір бақыт. Осы орайда әншіні біз де өз тарапымыздан құттықтаймыз. Айтпақшы, Адамның жоспарында тек үйлену ғана емес.

Adam, әнші: «Мен жаңа дуэт жазсам деп жоспарлап жүрмін. Астана қаласында Дианора есімді тамаша әнші бар. Ол сахналық аты емес, өзінің шын есімі сондай. Керемет ән шығарыпты. Меніңше хит болады».

Бірақ, хит болатын әнге бейнебаян түсірмейді. Есесіне, жеке әнін таспаламақ.

«Егер үлгеріп жатсам, тағы бір бейнебаян түсіремін. Әнін досым Олжас Абдрахман, сөзін Айжан Табархан жазған. Туынды «Қоштасу» деп аталады»,-дейді Adam.

Ендеше, күтеміз.

Загрузка...