Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Абаттандыру мекемесі студенттің үстіне құлаған ағаш „жап-жасыл, бұтақтары сау еді„ деп ақталды

ҚазҰУ баспасөз қызметі жарақат алған студентке жоғары оқу орны тарапынан қажетті барлық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.

«ҚазҰУ басшылығы бұл оқиға жайында біледі. Бұл келеңсіз жайт ҚазҰУ аумағында орын алған жоқ. Дегенмен, жоғары оқу орны тарапынан көмек көрсетіледі», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бостандық аудандық әкімдігі аппараты абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ренат Сейдіраманов құлаған ағаштың сау болғанын айтады.

«Ағаш та, оның бұтағы да жасыл, сау. Сау бұтақ сынып құлаған, себебі түсініксіз. Бұл – табиғи құбылыс. Сондықтан біреу кінәлі деп айта алмаймыз. Ал қызға көмек көрсетіле ме, көрсетілмей ме, білмеймін» – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз