Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақжүрек Таңатаров: “Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қарасаң қарның ашады”

475

Ол Олимпиада бітетін күні парақшасында елімізде еркін күрестің майталмандары аз еместігін жазған.

«Бүгін Олимпиада ойындарының соңғы күні. Бірақ еркін күрестен біздің палуандарымыз медальсыз қалды. Соңғы үміт Мамед Ибрагимде. Айтайын дегенім, бар жүкті палуандарға артпай, басшылықтан да сұрау алу керек шығар. Сөздің ашығы, Күрес федерациясына теміржолшыларды емес, нағыз күрес майталмандарын шақырту керек. Еліміз нағыз еркін күрес мамандарынан кенде емес. Байрамуков Ислам ағамыздың өзі бір төбе. Бастысы ұлт, ел жанашыры. Ал қазіргі бас бапкерге келетін болсақ, мықты болса неге өзінің кәсіпқой бапкерлігін Жапонияды, АҚШ-та, Латвияды, Ресей Федерациясында қалың елге дәлелдемеген? Сол кісінің арқасында жерге қарап, Рио олимпиадасында жүлдесіз қалған біздің палуандар болғаны ма? Нәтижесіз бапкерге қомақты қаржы төлеп жүлдесіз қалғанша, азын-аулақ ақшаны қанағат тұтып, Отанымыздың даңқы үшін ерен еңбек еткен өзіміздің бапкерлерге неге табыстамаған екен Олимпиада ойындарын? Риодағы келеңсіз жағдайлардан кейін Күрес федерациясы барлығын жөнге келтіреді деген сенімдемін»-деген.

Ал дәл сол күні жариялаған келесі бір жазбасында:

«Қазақ палуандары үшін Олимпиада ойындарының дәл осылай нәтижесіз, жүлдесіз өтетінін ішім сезген еді. Медаль түгілі, қызықты жан түршігерлік күрес көрмедік бұл жолы. Еркін күрестің шырқын бұзғандай. Қазақстан құрамасының бапкерлеріне қарасаң қарның ашады. Федерация мүшелері мен бас бапкер енді қалай ақталар екен? Бәлкім палуандарымыздың болашағына балта шаппай, өз лауазымдарын білікті мамандарға берер. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші бас бапкер өз Отанына оралғаны жөн шығар. Әрине егер ол жақ құшақ жая қабылдаса. Жалпы, еліміздің палуандарына еш қарсылығым жоқ. Сол палуандарға жол сілтеп, жеңіске жетелей алмайтын бапкерлерден не пайда?» – дейді.

Сонымен қатар Ақжүрек Таңатаров бұл әңгімесі арқылы ешкімді қаралауға, немесе өзінің сайыскер әріптестерін жамандауға негіздеп жазбағанын жеткізеді.

“Біле білген адамға, мен бұл постты палуан достарымды ғайбаттау үшін емес, өмірін күреске арнаған, тағдырын күреспен байлаған достарымның ерен еңбегін еш қылған бас бапкер мен федерация мүшелері жайында сөз қозғағам. Бас бапкеріміз білдей екі дүркін Олимпиада чемпионы, даңқты спортшы бола тұра палуандарымызға дұрыс тактика қоя білмеді. Шындықты айтқанның айыбы жоқ. Айтпайын десем палуандарымыз үшін ішім күйіп барады” – депті Қазақстанның төрт реткі чемпионы.

Ақжүректің айтып отырған бапкері – күрестен Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері, кезінде екі мәрте Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы атанған, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Белоглазов болатын. Риодағы боз кілемде Белоглазовтың жігіттері белдескендерінің барлығынан жығылып қалған болатын. Ел үмітін ақтай алмаған құрамаға Таңатаровтың көңілі толмайтын да жөні бар.

olympicsday16wrestlingu8pp_g-n2hcx

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз