Ағылшын ақшасы саяси оқиғаға байланысты қатты арзандады

27 просмотров

Британияның ЕО-дан шығуына дауыс берушілер саны «Брекситке» қарсы дауыс санынан асып түсті, осыған байланысты британдық фунт бағамы долларға шаққанда күрт төмендеп кетті.

index

ВВС агенттігінің хабарлауынша, Астана уақыты бойынша сағат 7:10-да 1 фунт 1,4 долларға дейін 5,5 пайызға түсіп кетті.

Британдық валютаның бір сәтте осылай күрт құлдырауы тарихта алғашқы рет болып отыр. Бұдан бұрын бағам фунтына 1,5 долларға жеткен.

CIBC-тен сарапшы Джереми Стретч бағамның бұлай шектен тыс ауытқуы ішінара сауда-саттықтың аздығынан деп атап өтті.

Фунттың құлдырауы Еуропалық одақтан Британияның шығуына берілген дауыс саны бірқатар округтерде сарапшылардың болжамынан да асып түскен.

Қазіргі уақытта 51 аймақтық орталықтың дауыс нәтижелері белгілі болды. 1,75 млн астам адам Британияның ЕО-дан шығуына дауыс берді. 1,8 млн адам «брекситке» қарсы.

Қазір рефререндумға қатысуға тіркелгендердің жалпы санының 20 пайызға жуығы есептелді. Таяу сағаттарда қалған 331 орталықтағы дауыс беру нәтижелері жарияланады.

Загрузка...