Ақылбек Күрішбаев жалға алушыға жерді сатып алуға мәжбүрлемеуді ұсынды

68 просмотров

Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жерді жалға алушыны жерді сатып ал деп мәжбүрлемейтін нұсқаны ұсынды.

photo_7146

«Жер реформасы жөніндегі комиссияның Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобына 28 мүше кіреді, бұл жалпы комиссия құрамының 40 пайызы. Аталған топтың отырысына аграрлық сала мамандары, ғалымдар, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Жұмыс тобының отырысында Жер кодексіне өзгертулер енгізу бойынша комиссия мүшелері жолдаған үш ұсынысты қарастырдық. Барлықтарыңыз түсінесіздер, біз қазір нақты ұсыныс бере алмаймыз, бұл сұрақтарды әлі де өңірлерде халықпен кездескенде жан-жақты талқылаймыз», — деп тоқталды А. Күрішбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс тобының мүшелері үшінші ұсынысты, яғни жерді жекеменшікке беру мен ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің қатар жүру мәселесіне көп тоқталды.

«Біріншіден, бұл әдіс әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Бүгінде барлық дамыған елдерде жерді жекеменшікке беру тәжірибесі қалыптасқан, тек қана Англияда өзінің ерекшілігі бар. Бірақ, бұл жерде біз әрқашан да айтамыз, біз —  Еуропа, Америка емеспіз. Сондықтан бұл мәселе бойынша біз тек эволюциялық жолмен жүруіміз керек», — деді А. Күрішбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы алқабының 99 пайызы жалға алынып отыр.

«Егер де біз жерді меншікке берумен қатар, жалға беру институтын жалғастырсақ, жалға алушының сол жерде алаңсыз жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктер болады. Олар жерді жалға алады, ертең 49 жылы аяқталғасын ары қарай жалғастыратын мүмкіншілігі болады. Яғни, жалға алушыны ешкім де жерді сатып ал деп мәжбүрлемейді. Бұл ереже елімізде жерді қайта бөлуді туындатпайды, сонымен қатар жерді жекеменшікке сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға тиімді әрі әлеуметтік әділеттік ұстанымдар сақталады. Бұл нұсқа бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлердің басым көпшілігі жалға беріліп, мемлекеттің меншігінде қалады деген ойдамыз. Бұның себебі қарпайым әрі түсінікті», — деді жұмыс тобының жетекшісі.

Загрузка...