Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтаудың 12 мектебі тегін оқушы киімімен қамтушы фирманы сотқа берді

Биыл Ақтауда 1-сыныпқа 4 мың оқушы барды. Алайда оның барлығы дер уақытында оқушы киімімен қамтылып үлгермеді. Қалалық білім беру бөлімінің жетекшісі Светлана Төлебаеваның айтуынша, мұндай келеңсіз жайт оқушы киімін жеткізуші фирманың жауапсыздығынан орын алған.

Ақтауда 12 мектепте осындай келеңсіз жайт орын алған. Келісімшартта көрсетілген талаптар дұрыс орындалмағандықтан мектептер енді фирманы сотқа беріп жатыр.

Еске сала кетсек, тамыз айында тегін оқушы киімінің жетіспей жатқандығы туралы ақтаулық ата-аналар алдын ала дабыл қаққан болатын. Ол кезде Маңғыстау облысы білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Айжақсы Тұржанова оның бірнеше себебін атаған.

Біріншіден, мектептің өзі фирмаға дұрыс есеп бермеген, екіншіден, оқушы киімін жеткізушілер тарапынан кешігу орын алған, үшіншіден, тегін оқушы киімін алуға көп ата-ана құжаттарын кешіктіріп тапсырған.

10

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз