Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы өте ауыр

178 просмотров

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына Ақтаудан санитарлық авиациямен жеткізілген 6 жасар науқастың жағдайы өте ауыр.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне орталықтың баспасөз қызметі хабарлаған.

«08.05.2010 жылы дүниеге келген науқас 2016 жылғы 27 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан санитарлық авиациямен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізіліп, балалар анестезиологиясы және жансақтау бөліміне жатқызылды. Республикалық санитарлық авиация құрамында болған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиолог-реаниматолог және нефролог дәрігерлері сол жерде науқас баланы қарап, клиника басшыларымен келісе отырып, Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына қосылған. Дәрі-дәрмекпен қолдау нәтижесінде гемодинамика тұрақты. Қарқынды терапия жасалауда», — деп мәлім етті орталық.

Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург сияқты бейінді мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консультация ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, телемедицина арқылы Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Вена университетінің (Австрия) профессорларымен кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, баланың жоғалғаны туралы қоңырау сенбі 20 тамызда, сағат 13.10-да түсті. Іздеуге Маңғыстау облысы ІІД  барлық жеке құрамы тартылды. 17.30-да қыз Ақтау қаласы Приморский кенті жағынан табылды. Полицейлер оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оны зорлағанын анықтады. Зорлау фактісі негізінде ҚР ҚК 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Загрузка...