Ақтауда әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар өліміне қатысты сот басталды

100 просмотров

Сарбаздардың өліміне себепкер болғандар сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Ақтауда әскери жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысты сот процессі басталды. Төтенше жағдай тура бір жыл бұрын болған еді.

Теңіздегі ауқымды жаттығу кезінде 4 БТР суға батып, 4 жауынгер қаза тапты. Сарбаздар үстеріндегі оқ өтпейтін ауыр кеудешелерін шешіп үлгере алмай,  суға тұншығып өлген.

Тергеушілер де «жаттығуға дайындық кезінде орын алуы мүмкін төтенше оқиғалар ескерілмеген» деген тоқтам жасапты.

Тура бір жыл бұрын Каспий теңізінде болған сұмдықтан жағдайдан соң «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы екі орынбасарымен қоса, теңіз жаяу әскерінің командирі қызметтерінен кеткен болатын. Енді осыған тікелей кінәлі делінген бес лауазым иесі сот алдында жауап бере бастады.

Әзірше олардың аты-жөндері мен шендері жайлы ақпарат жарияланбай отыр. Тек «қызметіне салғырт қарап, ауыр зардаптарға әкеп соқтырды» деген айып тағылғаны мәлім.

Загрузка...