Ақтауда педофильден зорлық көрген қыз Астанаға жеткізілетін болды

1 039 просмотров

Ақтауға елордалық Ана мен бала орталығының мамандары келді. Астана дәрігерлері қыз баланы қарап, оны Астанаға жеткізу туралы шешім қабылдады. Олардың айтуынша, қыздың жағдайы бұрынғыша ауыр, алайда төмендеу динамикасы байқалмайды.

Бұл туралы stan.kz хабарлады.

«Біз баланың сырқатнамасымен таныстық. Балаға диагноз қойылды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп сақталуда. Ол есін әлі жиған жоқ. Оған ары қарай Ана мен бала орталығындағы жағдаймен яғни мамандандырылған көмек ала отырып емделу қажет», дейді Ана мен бала орталығының балалар анастезиолог-реаниматологы Болат Жұманиязов.

Бала әуе жолымен жеткізіледі.

«Біз дәрігерлік консилиум өткіздік. Докторлар емдеу жүргізуде осындай тактикалық әрекеттерді дұрыс деп тапты. Мамандар оны тасымалдау жауапкершілігін өз мойындарына алды», – деп атап өтті облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова.

Орталықтың дәрігерлері жансақтау бөлімінде жатқан басқа да балаларды қарап шығып, оларды емдеуге қатысты ұсынымдарын берді.

Еске сала кетсек, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.

20160827033511

Загрузка...