Ақтауда 6 жасар қызды аяусыз зорлаған педофил қолға түсті

10 506 просмотров
Ақтаулық полицейлер 6 жасар қызды зорлаған педофилді қолға түсірді. 32 жастағы азғын ойын баласын айуандықпен азаптағанын өзі де мойындаған. Оның кішкентай қызға сексуалдық қысым көрсеткенін арнайы сараптама да дәлелдепті.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал бүлдіршіннің өзі мүгедек болып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ойын баласының миы қатты шайқалған. Әлі есін білмейді. Кішкентай қыз қазір Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығын елордалық дәрігерлер күні-түні бақылауда.

Бірақ бұдан  қыздың беті бері қарайтын түрі жоқ.

Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20-шы тамыз күні болған. 6 жасар қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған еді. Сөйтсе, азғын бүлдіршінді аямай, ойына келгенін істепті.

20160901095221

Загрузка...