Ақтауда 6 жасар бүлдіршінді ұрлап, зорлап кетті

167 просмотров

Маңғыстау облысында 6 жасар бүлдіршінді зорлап кетті. Қылмысқа күдікті бірнеше адам ұсталды.

Бұл туралы Tumba.kz хабарлады.

20-тамызда Ақтауда апасы мен немересі дүкенге жұмысқа келеді. 6 жасар қыз қайта-қайта көшеге шығып ойнағысы келетінін айтқан. Жұмысбасты апасы ұлына хабарласып, немересін алып кетуді сұрайды.

Бір уақытта апасы қыздың жоғын байқайды. Бастапқыда оны әкесі алып кеткен шығар деп ойлайды. Алайда ұлына қоңырау шалып, баланы ол алып кетпегенін біледі. Сөйтіп апасы немересін іздей бастайды.

Екі сағат бойына қызды жақын адамдары жан-жақтан іздеп, шарқ ұрады. Содан кейін барып, олар полицияға хабарласады. Баланы іздеуге Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылады.

Тек 4 сағаттан соң полиция қызметкерлері қансыраған қызды „Нұр Плаза„ жағалауына қарама-қарсы бау-бақша ауданынан тауып алады. Оны шұғыл түрде балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізеді.

Сол күні полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы болуы ықтимал бірнеше күдіктіні құрықтайды. Оларға қатысты сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлер егер қызды жарты сағатқа кешігіп тапқанда, одан айырылып қалуымыз мүмкін еді деп айтып отыр.

Өз кезегінде жергілікті полиция Маңғыстау облысының тұрғындарына бала жоғалғанда уақытты текке кетірмей, бірден полицияға хабарласауды сұрайды.

13-тамызда Ақтөбеде өзінің жиен қарындасын зорламақ болған 22 жастағы педофил 15 жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Қыз бала әлі күнге дейін түнде шошып оянып, қатты жылайды.

Загрузка...