Ақтау әуе-жайы уақытша жабылды

151 просмотров

9-қыркүйекте Ақтау әуежайында бірнеше рейс бөгелді. Оған себеп — ұшу-қону жолағын апатты жөндеу жұмыстары.

Ақтау халықаралық әуежайы жедел жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сағат 18.30-ға дейін жабылды, деп хабарлады Lada.kz.

«Бүгін күндіз сағат 13.00-де ұшу-қону жолағы зақымданғаны анықталды. Жамылғыны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 18.30-да жұмыс аяқталады деп жоспарлануда», — деді әуежай өкілі.

Барлық сұрақтар бойынша анықтама бюросына 60-97-55, 60-97-56, 60-96-13 телефондары бойынша қоңырау шалуға болады.

Загрузка...