Ақтөбенің тірі тұрғыны өзін «өлген террористер» тізімінен тауып алды

60 просмотров

Тағы бір Ақтөбе тұрғыны өзінің аты-жөнін терактіге қатысып, көзі жойылған терроршылар тізімінен көріп, таң қалып отыр.

“Қадірлі қазақстандықтар, мен — Данияр Рамазанұлы Уайысов Ақтөбе қаласының тұрғынымын. 2016 жылы 12- маусымда интернет-сайттарда терактіге қатысқан лаңкестердің көзі жойылды деген ақпарат шығып, олар туралы мәліметтер пайда болды.

Оның ішінде менің де аты-жөнім  жүр. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай, мен тірімін. Бұл ретте мен БАҚ-тан, құқық қорғау органдарынан жалған ақпарат көрсеткендері үшін кешірім талап етемін”, – дейді жас жігіт Инстаграмдағы aktobe_zello парақшасында жарияланған видеода.

Бұған дейін Жаңажол орта мектебінде сантехник болып жұмыс істейтін 43 жасар Самат Қожаниязов та осындай жағдаймен бетпе-бет келген еді. Оның да аты-жөні 5-маусым күні шабуыл жасаған лаңкестер тізімінің бел ортасында жүрген. Оған бұл жайтты құзырлы мекеме өкілдері іздеу жарияланған лаңкестің фото-роботына сіздің бет-бейнеңіз ұқсас келіп қалған ғой деп түсіндірген.

Загрузка...