Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбелік тұрғын ерегескен танысын базардың алдына апарып, көпшіліктің көзінше атты

Ерегесіп, адам өлтіргісі келген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің екі бабымен тергеу жүргізілген болатын. Оның бірі – қаруды заңсыз иемдену болса, екіншісі – адамды қасақана өлтіруге оқталу.

2016 жылдың 18-наурызында Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғындарының арасында түсінбеушілік туындаған. Айыпталушы жәбірленушіні өлтіру мақсатында қос ауызды, 16 калибрлі аңшы мылтығымен қаруланып алады. Сотталушы өзі ашуланып жүрген танысын орталық базар алаңына әкеліп, оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші ауыр жарақат алған.

Сот отырысында айыпталушы адам өлтіруге бағытталған ойын соңына дейін жеткізгісі келгенімен, мылтығындағы оқ таусылып, өзі қашып кеткендігін айтқан.

Оқиғаға қатысты күдікті қолға түсіп, қылмыстық оқиға сотта тергелді. Жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін ішінара мойындағаны, соттылығы жоқтығы, қанағаттанарлық мінездемесі, жасы, жәбірленуші тараптың оған қоятын талаптары жоқтығы ескерілді. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз