Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбелік бойжеткен Англия патшайымының мерейтойына қатысады

21 жастағы ақтөбелік Айгерім Исмағұлова Ұлыбританияның Гринвич университетінде қаржы және банк ісі мамандығы бойынша білім алып жүр. 2-курс студенті өз құрбы-құрдастарымен бірге құны 5 фунт болатын ұтыс билетін сатып алып, жеңімпаз атаныпты.

– Бағасы 2500 теңге болатын ұтыс билеті бізге сәттілік әкелді. Қызым Айгерім, енді Ұлыбритания патшайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған мерейтойға қатысады. Сәтін салса, 8-маусым күні туған күн тойлау кеші басталады. Алдын ала белгілі болғаны, ол жаққа әлемнің танымал әншілері, әртістері мен спортшылары жиналуы тиіс. Ал шақырылған қонақтар арнайы сәнге сай, ақсүйектерше киінуі қажет екен. Қызым кеше ғана хабарласып, қалпақ таңдау қиын екенін айтты,- дейді Айгерімнің анасы Неля Исмағұлова.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған мерейтойы 8-10 маусым күндері аралығында өтеді. Шақырылған қонақтарға мерекелік дастарқан жайылып, бал ұйымдастырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз