Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбелік әйел дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Әйел үйін сатып, түскен қаржының бір бөлігін алты баласына бөліп бермек болыпты. Ал қалғанына мал сатып алып, Шалқар ауданында шаруашылықпен айналысқысы келген. Алайда үйді қарауға келген сатып алушылар сонда тұрып жатқан ұлының жанұясы үшін оны сатып алудан бас тартқан.

-Сотта жауапкер ретінде қатысқан шағымданушының ұлы өзін жақсы ұстады. Егер анасы қаласа, үйден шығатындығын айтты,- дейді Самал Ордабаева.

Қос тарап бейбіт келісімге келген. Анасы үйді сатқаннан кейін ұлына 1 млн теңге беруді міндетіне алған, ал ол 5 қыркүйекке дейін үйден шығуға келісіпті. Ұлы үй жанына жазғы асүй салу үшін несие алған. Сол себепті анасы оған 1 млн теңге беруге келіскен. Ал қалған балаларына анасы үй сатылғаннан кейін одан аз ақша беруді жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз