Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбелік экстремистің ісі бойынша мәліметтер нақтыланды

Өмірбеков 2011 жылы қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатып, өзінің жанында отырған адамдардың ықпалымен дінге деген көзқарасын өзгертіп, өте қатаң радикалды түсініктегі адамға айналып шығады. Соған қарай ол терроризмді насихатап, діни экстремизмді таратумен айналысады.

2015 жылы айыпталушы қамаудан мерзімінен бұрын босап, Ақтөбеге оралған. Мұнда ол ақпараттық-коммуникациялық техникаларды пайдаланып, радикалды-экстремистік бағыттағы бейнероликтер мен мәтіндерді таратып жүрген.

Осы мақсатта ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен өзінің атынан арнайы аккаунт ашқан.

«Өзінің желідегі бетінде ол террористік әрекеттерді насихаттау мақсатында радикалды мағынадағы материалдарды орналастырып, халық арасына ірткі салатын дүниелерді жазып, қалың көпшілікті «джихад» ұйымдастыруға шақырған. Сонымен қатар ол азаматтардың діни тұрғыдан алғанда намысына тиетін сөздерді айтып, халықаралық «ДАИШ» террористік ұйымының Ирак пен Сириядағы әскери әрекеттеріне мақтау, мадақтау айтқан. Осы террористік ұйымның әскери әрекеттері туралы материалдарды жинап алып, өзінің аккаунтына орналастырып, астына пікір білдіріп отырған», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Одан әрі Өмірбеков «WhatsApp» мессенджері арқылы Түркияда тұратын «Ясин» атты біреумен танысып, оған Сирияға барып, «ДАИШ» ұйымының өкілдерімен бірлесіп, соғысуға дайын екендігін айтқан. «Ясин» Өмірбековтің бұл мақсатына жетуіне көмектесу ниеті бар екендігін білдіреді, деп түсіндірді сот өкілдері. Сирияға аттану үшін қажетті қаржы табу мақсатында Өмірбеков Р.Жаңажанов, Р.Бердешов, А.Шапавловпен бірге М. атты азаматтан «өзіңнің бір сенімдегі бауырларыңа зияныңды тигіздің» деген желеумен 5 млн теңге талап етеді.

Өмірбековтың бұрын кісі өлтіргенін білетін және одан қорыққан М. үйін сатып, лаңкестердің қолына 3 404 980 тенге ұстатқан.

Қазірі таңда осы іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

20160905175330

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз