Ақтөбедегі террористерді өте қатаң жазалаймыз — Қасым-Жомарт Тоқаев

62 просмотров

Ақтөбедегі теракт — шектен шыққандықтың айқын белгісі деп санайды ҚР Парламенті сенатының төарағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Сенатор бұл пікірін Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.

„Ораза айы қарсаңындағы Ақтөбедегі теракті — қарақшылардың шектен шыққандығы мен қатігездігінің көрінісі. Оларды жазалау үшін ең қатал шаралар қолданылып жатыр„ деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

5-маусымда Ақтөбеде лаңкестер Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесі мен қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Атыс барысында алты адам қаза тауып, 11 адам жараланды.

Қалада лаңкестікке қарсы режим жарияланды. Ойын-сауық және көңіл көтеретін орындар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтатылды.

Ақтөбеде қазіргі кезде ахуал тұрақты. Бұл туралы халықты сабырлылыққа шақырған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін мәлім етті.

Загрузка...