Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбедегі теракт: «Жиһадқа» шыққан тепловоз машинисі жарты жолдан үйіне қайтқан

Басылымның мәліметтеріне сәйкес, маусымның 5-сі күні Арыстанов 45 радикалмен бірге Есет батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерге барған. Сол жерде олар ДАИШ-тың мүшесі «Шейх Аднанидің» жазбаларын тыңдап, 25 адамның «қарулы жиһадқа» барады деп шешкен. Олардың ішінде Арыстанов та болған.

Радикалды топтың белсендісі Дмитрий Таңатаров (алған жарақаттардан қайтыс болды – авт.) шабуыл жасаудың жоспарын жариялап, әрбір адамға тиісті рөлдерін белгілеп бергеннен кейін, қылмыскерлер «Паллада» дүкеніне бет алған. Олардың арасында Арыстанов та болды. Алайда қару-жарақ дүкеніне кірмей жатып, ол райынан қайтып, қылмыс жасаудан бас тартқан.

Қылмыстық материалдарға сәйкес, Арыстанов терроризм актісі туралы білсе де, ол жайында құқық қорғау органдарына хабар бермеген.

Сол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша (“Қылмыс туралы хабарламау”) алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот санкциясымен оны қамауға алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз