Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбедегі теракт бойынша қылмыстық іс қозғалды

– Ақтөбеде теракт орын алды, сондықтан лаңкестік бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер өте көп болуы мүмкін, оның барлығы бір өндіріске топтастырылуы да ғажап емес. Олар бір жерде тергеледі, – деді ол бүгін Астанада өткен жиыннан кейінгі тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестік орын алды. 29 лаңкес қару сататын дүкенге және Ұлттық Ұланның әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Азаматтардың ішінде үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Сондай-ақ қару сататын орынға бірінші жеткен полиция қызметкерлері көз жұмды.

Түнгі операция кезінде полиция қызметкерлері жапа шекті. Әскери қызметкерлер арасынан үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Елімізде 40 тәулікке лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі енгізілді. Осы уақыт аралығында 13 лаңкес жойылды, 14 жарақат алып, 2 қамауға алынды.

Ақтөбе облысында лаңкестікке қарсы операция әлі жалғасуда. Арнайы іс-шара барысында іздеуде болған тағы 5 лаңкестің көзі жойылды. Келіссөздер барысында олар өз еріктерімен берілуден бас тартып, қарудан оқ атқан. Тұрғындар мен құрылымдық күштер қатарынан шығын жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР бас прокуратурасы Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз