Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Ақтөбедегі оқиға инвестициялық ахуалға кері әсер етпейді – облыс басшысы

Отырысты ашқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның барлық аумағында Инвестиция тарту және өңірдің инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі кеңес құрылғанын айтты.

– Ел Президенті мен Үкімет инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Ол үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Инвесторлар импорт қондырғыларға кедендік баждан босатылды, гранттар беріледі, оның ішінде жер телімдері мен шетелдік жұмыс күшін тарту, т.б. жеңілдіктер беріледі, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысы инвесторлар үшін қолайлы өңір болып саналады. Арнайы зерттеулерге сүйенсек, облыс инвестициялық тартымдылығы жағынан 2-орында.

– Маусым айының басында болған оқиғалар инвестициялық климатқа кері әсерін тигізбейді. Қолға алынып жатқан шаралар бизнесті дамытуға салынған қаражаттың сақталуы мен тиімділігіне кепіл береді,  – деді облыс басшысы.

Облыс басшысы құрылған Кеңестің негізгі міндеті өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту және алға қойылған мәселелерді шешу үшін ұсыныстар даярлау екенін атап өтті.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, отырыс барысында 2016 жылдың І жартыжылдығының инвестициялық қорытындылары талқыланды. Бірқатар өзекті мәселе сөз болды, оның ішінде инвесторлар үшін жер телімдерін беру, жаңа шағын индустриялды аумақ құру, бақылау-қадағалау органдарының тексеруі секілді мәселелер қаралды.

Барлық мәселе бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, отырыс барысында облыс әкімі Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол қызметке Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімін басқарып келген Анар Даржанова тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз