Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың барлығы бір пәтерде болған.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде Ақтөбедегі оқиғаға күдікті азаматтар отырған үй анықталды. Олар Некрасов көшесіндегі үйлердің бірін паналаған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы қызметкерлері террористер отырған үйді қоршауға алды.

Келіссөз жүргізген сәтте лаңкестер бейбіт жолмен берілуден бас тартып, бірінші болып оқ атты. Олардың қолындағы қаруды бейбіт жолмен алу келісімі нәтижесіз болды. Арнайы жасақ қызметкерлері пәтер ішіндегі төрт лаңкесті атуға мәжбүр болды»,-деп делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Ал бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ.

Осы оқиға болып жатқан кезде Ақтөбедегі Мясоедов және Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің бірі патруль экипажына оқ жаудырған. Қарсы тараптың жауапты оғы бүлікшіге дөп тиіп, ол қайтыс болды. Ал екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.

Ақтөбеде лаңкестерді жедел іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күдіктілердің ортақ таныстары мен күдіктілердің болуы мүмкін деген жерлер тінтілуде.

Бұған дейін 10 маусым күні түннен бері күштік құрылым қызметкерлері бүлікшілерді залалсыздандыру мақсатында арнайы операция жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз