Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ақтөбеде жетім балаларға арналған әлеуметтік үй салынады

Әлеуметтік үйде 80 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған интернет мекемелерінің түлектері тұратын болады. Оларға бөлек пәтерлер беріледі. Салынып жатқан әлеуметтік үйдегі бір пәтердің жалпы ауданы 40 шаршы метр.

Тұрғын үйге жақын маңда денсаулығында ақауы бар тұрғындарға жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цех құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдер, аяқ киім жөндейтін цех, тігін цехы, ұста және жөндеу цехы, сонымен бірге шаштараз салынады.

Әлеуметтік үйде тірек-қимыл аппараттары бұзылған жандар үшін сауықтыру құрал-жабдықтары бар дене тәрбиесі, сондай-ақ релаксация залдары болады.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік құрылыс үй құрылысымен танысып, құзырлы орындарға тапсырмалар берді.

– Біз балалар үйлері мен мамандандырылған мектеп-интернат түлектерінің тағдырын бақылауда ұстап, оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек. Ең бастысы – жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету, оған бар күшімізді саламыз, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, қазіргі таңда Ақтөбе облысында 70 орынға есептелген Жасөспірімдер үйі бар. Облыстық интернет мекемелерінің түлектері онда 23 жасқа дейін тұра алады. Ал әлеуметтік үйде 16-29 жас аралығындағы түлектер тұратын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз