Ақтөбеде жас мамандарға арналып жатақхана салынып жатыр

58 просмотров

Ол 2017 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еңбекші жастарға арналған жатақхана салынып жатқан құрылыс алаңын барып көрді деп хабарлады Аktobenews.kz.

Бес қабатты жатақхана Маресьев көшесінде бой көтермек. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағытының аясында жүзеге асырылуда.

Жатақхананың бір және екі бөлмелі 115 пәтері болады. Жалпы аумағы 4 мың 100 шаршы метр. Келесі жылы алғашқы қожайындары қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

Загрузка...