Ақтөбеде жараланған лаңкестердің барлығы ауруханадан босатылды

30 просмотров

Ақтөбеде жараланған лаңкестердің барлығы екі күн бұрын ауруханадан шығарылып, уақытша тергеу абақтысына жіберілді. Қазір бес адам ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

— Облыстық жедел жәрдем ауруханасында 5 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Олардың екеуі әскери қызметкер, біреуі «Жедел күзет» қызметкері және бейбіт тұрғын. Ал облыстық клиникалық ауруханада қару-жарақ дүкенінің сатушысы емделуде. Бәрінің жағдайы жақсы, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ,- деді Әсет Қалиев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, осыдан екі күн бұрын антитеррорлық операция кезінде жараланған 4 лаңкес уақытша тергеу изоляторына жіберілген.

Загрузка...