Ақтөбеде жәбірленушілер лаңкестер басып кірген қару-жарақ дүкенінің иесін соттамауды сұрауда

48 просмотров

Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған қару-жарақ дүкені директорын бостандықта қалдыруды зардап шеккендердің өздері сұрап отыр. Ал прокурорлар Артем Гарлаевтың 2 жарым жылға түрмеге қамалуын талап етуде.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Себебі, маусым айында болған қанды қырғын кезінде дүкендегі оқ-дәрі мен мылтықтар ашық тұрмағанда адам шығыны аз болар еді дейді. Ол кезде сатушы мен күзетші, сол маңда отырған зейнеткер оққа ұшты. Тағы екі адам жарақат алды. Әйтсе де марқұмдардың туыстары дүкен директорының қылмысқа еш қатысы жоқ деп отыр. Алғашқыда процессуалдық келісімге қарсы шыққан жәбірленуші де райынан қайтыпты.

Алексей Максименко, жәбірленуші:

-Екі жарым жыл деген тым ауыр жаза. Өйткені, сотталушы науқас анасы мен кішкентай баласын бағып отыр. Жұбайының да аяғы ауыр екен. Біз кешірдік.

photo_187483

Загрузка...