Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ақтөбеде түйнеменің көмілген 132 ошағы бар екен

Ал биыл жұмыс қайта жанданды. Мал шаруашылығы да дамып келеді. Биыл “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 4200 бас ірі қара сатып алуға мүмкіндік бар. Ал “Алтын асықпен” 10 мың бас қой сатып алуға болады.

“Ырыс”  бағдарламасы бойынша 6 сүт фермасын ашу жоспарда бар. Биыл Қарғалы ауданынан жылына 5 мың тонна  құс еті шығарылатын ферма салынуы мүмкін. Себебі, өңірдегі екі ірі құс фабиркасы сұраныстың 50 пайызын да қамти алмай отыр. Баспасөз мәслихаты кезінде Қарағандыдан анықталған түйнеме ауруына орай өңірдегі  қауіпсіздік шаралары туралы да айтылды.

Ақтөбеде түйнеменің 132 көмілген ошағы бар екен. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін 60 миллион теңге қаржы қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, бұл жұмыстар күзде толық аяқталуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз