Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде “сақалдылар” үшін сөзге келген ер адам көршісін пышақтап тастады

123

Оқиға 12 маусымда Тургенев көшесінде болған. Ішімдік ішкен 56 жастағы ер адам көршілеріне пәтерлердің біріне сақалы бар адамдардың көшіп келгендігін, өзінің полиция шақыртқандығын айтқан. Көршілері болса, оның бұл іске аралас-пауын сұраған.

Ақыры өзіне қолдау таппаған сотталушы көршілерінің бірінің анасына тіл тигізе бастайды. Бұған намыстанған ер адам оны бірнеше рет қолымен ұрады. Келесі күні көршілері сотталушының үйіне келеді. Олар өз пәтерлеріне полиция жібергені үшін реніштерін білдіреді. Ал ер адам олардан кешірім сұрап, татуласу үшін ішімдік ішуді ұсынады.

Түн ортасына дейін созылған көңілді отырыс соңы дауға ұласқан. Бұл жолы көршілердің бірі пәтер иесінің Ауғанстанда әскери міндетін өтегенін, алайда ұрысқа тікелей қатыспағанын айтады. Бұған қорланған егде жастағы ер адам марқұмды жағасынан алады.

Жәбірленуші оны бетінен екі рет ұрады. Осыны желеу еткен ер адам асхана пышағымен оған бірнеше рет соққы жасайды. Алған жарақаты салдарынан марқұм сол жерде көз жұмған. Оқиға болған кезде көршілердің бірі басқа бөлмеде болған. Қылмыстық іс жақын күндері сотта қаралмақ.

1474017464_31292_img-20150116154556-271

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз