Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі ұсталды

29 просмотров

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлайды.

«14-маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі Жантөрин Ғ. есімді азаматты ұстады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Антикоррупциялық ведомство өкілдерінің мәліметінше, полковник Жантөрин қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлім жетекшілерінен медициналық комиссиядан кедергісіз өткізу үшін және әскери-техникалық мектепке үміткерлердің түсуі, борышкерлердің қызметін кейін қалдыру, сонымен қатар, әскери қызметшілерді жақтау үшін жүйелі түрде пара алған.

Қазіргі уақытта ол Ақтөбе ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Загрузка...