Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде Ninety One тобының концерті өтпейтін болды

 «Қазақстандық Ninety one тобы тыңдармандарының үндеуіне байланысты Ақтөбе облысы әкімдігінің концертті өткізуге тыйым салмағанын хабарлаймыз. Аталған жағдайды түсіндіру үшін шара ұйымдастырушыларына жүгінуді хабарласуды өтінеміз. Әкімдік концерттер ұйымдастырумен айналысатын жекеменшік компаниялардың және залдарды жалға берушілердің қызметіне, сондай-ақ, олардың арасындағы келісімшарттық міндеттемелерді реттеуге араласпайды. Ақтөбе қаласының әкімдігі осындай ауқымды іс-шаралар өткен кезде денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі, құқық қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолға алады», – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, отандық Ninety one тобының өкілдері Ақтөбеде 30 қыркүйекте жеке концерті өтетінін хабарлап, билет сата бастаған еді. Алайда, топ өнер көрсетуі тиіс болған «Қоныс» спорт сарайының өкілдері мен топ продюсері келісімге келе алмағандықтан, концерт өтпейтін болды.

«Біздің арамызда ешқандай келісімшарт бекітілген жоқ. Спорт сарайында әлем чемпионатына дайындыққа байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп

жатыр. Мұны әкімшілер де көріп, өз көздерін жеткізді. Бұл «Қоныс» СС әкімшілігі мен продюсерлер арасындағы жеке мәселе. Әкімдіктің бұған еш қатысы жоқ», – деп мәлімдеді «Қоныс» СС иесі, кәсіпкер Талғат Баймашев.

Кәріс жігіттеріне еліктейтін әншілердің 30-ға жуық тыңдарманы облыс әкіміне өтініш айтып, бойз-бэндтің концертін өткізуді талап еткен еді.

ninety-one-1

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз