Ақтөбеде мектеп оқушысы интернетте танысқан досынан екіқабат болып қалды

81 просмотров

Ақтөбеде 15 жастағы мектеп оқушысы ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы 27 жастағы ер адаммен танысқан. Үш ай сөйлескеннен кейін, қыз жігітті Хромтауға қонаққа шақырған.

Бұл туралы aktobetimes хабарлайды.

Жігіт келгеннен кейін, екеуі бірге шай ішіп, кино көріп, кейін жыныстық әрекетке барған. Бір айдан соң барып қыз өзінің жүкті екенін сезеді. Ол бұл туралы танысқан ер адамына да айтады. Алайда ол сәбиге әке болудан бас тартқан. Тағы бірер аптадан соң ол бұл туралы анасына мойындаған.

Анасы қызы екеуі Ақтөбедегі клиникалардың біріне келіп тексерілгенде, қыздың жүкті екені, бірақ ішкі органдарының зақымдануы себепті баланы дүниеге әкеле алмайтынын айтады. Осылайша мектеп оқушысына аборт жасалған.

Ал 27 жастағы жігіт болса, төрт жылға бас бостандығынан айырылып, 142 мың теңге материалдық шығын және 700 мың теңге моральдық шығын өтейтін болды.

Загрузка...