Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатыстылар ұсталып жатыр. Тағы бес адам қамауға алынды

Ақтөбе облыстық сотындағылардың мәліметінше, Жүсіпов деген азамат бірнеше фирманың директоры әрі құрылтайшысы болып табылады, ал Еркетаев жеке кәсіпкер. Үшінші күдікті Амитов – екі фирманың құрылтайшысы әрі директоры.

Ал қалға екеуі – Ілиясов пен Қалиев жұмыссыз адамдар екен.

Бесеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының, 4-тармағының 1-2-бөліктері және 262-баптың 2-тармағы, яғни “Мұнай және мұнай өнімдерін алу, тасымалдау, жеткізу сақтау, сонымен қатар заңмен дәлелденбеген, құжатсыз мұнайды өңдеу” және “Қылмыстық қауымдастық құрып, басшылық ету, оған қатысу” бойынша қылмыстарға қатысы бар деп күлікке алынды.

Ақтөбеде мұнайды ұрлығына байланысты 15 адам күдікке ілініп, ұсталған болатын. Алдында 9-желтоқсанда екі күдікті – Бауыржан Батыров пен Нұрлан Қазкенов 2 айға қамауға алынған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз