Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбеде лаңкестерге қарсы күрес операциясы кезінде жараланған екі жауынгердің жағдайы ауыр – дәрігер

Сонымен қатар, бүгін терактіге қатысқан бір қылмыскердің аяғына ота жасалып, сүйегі бекітіледі.

– Қатардағы жауынгер мен жол патрульдік полициясы қызметкерінің жағдайы ауыр. Екеуі де жалпы тағайындалған емді алып жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Бүгін үшінші тәулікке кетіп бара жатыр. Ал бір қылмыскерге бүгін ота жасалады. Оның аяқ сүйегін бекітеміз. Жалпы ауруханада терактіге қатысқан 3 қылмыскер жатыр. Олардың барлығы қатаң күзетте. Ем алып болған соң, оларды құқық қорғаушылардың қолына тапсырамыз,- дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

Қылмыскерлердің біреуі жан сақтау бөлімінде, екеуі травматология бөлімінде жатыр.

«5 маусымнан бері ауруханаға барлығы 18 науқас жеткізілді. Қару-жарақ дүкенінде жараланған 69 жастағы Николай Онищенко ес-түссіз күйінде жеткізіліп, қаза болды. Сонымен қатар, бір лаңкестің де жарақаты ауыр болып, ауруханада көз жұмды»,- деді Рақымжан Арыстан.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасы әлі күнге дейін қатаң күзетпен құрсауланған.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз