Ақтөбеде лаңкестерді ұстау операциясы кезінде қарулы қарсылық көрсетілді

30 просмотров

Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жалғасып жатыр. „Қарулы қарсылық көрсетті„ деген факті де тіркелді.

ҚР Терроризмге қарсы орталығы 10 маусым күні Ақтөбе қаласындағы террорлық актіге қатысы бар деген күдіктілерді ұстау операциясын жалғастыратынын хабарлады.

«Өз еріктерімен берілу туралы ұсынысқа жауап ретінде олар қарулы қарсылық көрсетті. Қазіргі уақытта лаңкестерді құрықтау шаралары жалғасуда, оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады», — делінген ҚР терроризмге қарсы орталық таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 5-маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, соның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адамның көзі жойылды, тағы төртеуі жараланды, алты лаңкеске іздеу жарияланды.

Загрузка...