Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Ақтөбеде іздеуде болған лаңкестерді жасырған тұрғын қамауға алынды

5 маусымда аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін Дмитрий Таңатаров, Арман Айтуған және Нұрлан Сейілов Ақтөбеде жасырынған.

Олар құқық қорғау органдарының қолына түскісі келмей, танысы Ердауовқа барып, пана тауып беруін сұраған.

Өз кезегінде Ердауов қылмыстық жауапкершілікті біле отырып, таныстарының теракт жасағанын біле отырып, 7 маусымда оларға баспана жалдап берген. Таңатаров, Айтуған және Сейілов 8 маусымға дейін жасырынып жатқан, ал 8 маусымда кетіп қалған.

Қылмысты жасырды деп күдікке ілінген Ердауов Қылмыстық кодекске сәйкес ірі көлемде айыппұл салынады немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сот Ердауовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Күдікті 20 қыркүйекке дейін қамауда болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз