Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ақтөбеде дәретханадан жаңа туған нәресте табылды

Нәрестені 41 разъездің тұрғыны әжетханадан түнгі сағат 12-лер шамасында тауып алған. Кіндігі де кесілмеген қызды қапқа орап тастап кетіпті.

“Мен үйге келіп қолыма жарықты алып қарадым. Бір жақтан дыбыс шығады, не екені түсініксіз болды. Бір сәтте шұңқырда қап жатқанын, оның қозғалатынын байқадым”, – дейді Молдағали Орынбасаров.

Ойда-жоқта әжетханадан сәбиді тауып алған Молдағали, көршілерін жинап полиция шақырады.

“Нәрестенің тіпті кіндігі де кесілмепті. Жаялыққа да оралмаған. Біздің тұрғындардың ішінде мұндай қадамға баратындар жоқ. Кім екені белгісіз”, – дейді көршісі Нұржан.

Әжетхананың қасындағы қанға қарағанда, әйел тура сол жерде босанған болуы мүмкін. Енді 6 баласы бар Молдағали бұл қызды да өзі асырап алғысы келіп отыр. Сәби перинаталдық орталыққа орналастарылып, жағдайын дәрігерлер бақылауға алған.

“Сәбидің денсаулығы бірқалыпты,” – дейді бас дәрігердің орынбасары Дастан Неталиев. Қазіргі таңда полиция сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз