Ақтөбеде бір әйел күйеуін өлтіріп алған мекемелерден 10 млн теңге талап етті

46 просмотров

 

Ақтөбе соты Марат Оспанов атындағы БҚО мемлекеттік медуниверситеті мен «Еуразия медициналық орталығы» мекемесінен моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы төлету туралы Кичкинаның талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Арызға сәйкес, 26 қаңтарда Кичкинаның зайыбы денсаулық жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық университеттің кардиологиялық орталығына жеткізілді. ЭКГ жүргізгеннен кейін оны ауруханаға жатқызбай, жедел медициналық жәрдем ауруханасына жіберді.

«Ол жерде дәрігерлер тексергеннен кейін талдау алу үшін медициналық университеттің кардиологиялық орталығына жіберді, сосын облыстық ауруханаға. Ол жерде тексеруден өткеннен кейін оны «Еуразия Медициналық орталығы ЖШС-ға жіберді. Себебі Науменко осы мекемеде сақтандырылған. 2016 жылғы 26 қаңтардан 2 ақпан аралығында науқас анализдер тапсырды. Ине терапеясымен ем алды. Алайда 2015 жылғы 2 ақпанда қайтыс болды», — делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотта түсіндіргендей, әйел жолдасын мекеме қызметкерлері дұрыс қарамаған, солардың салдыр-салақтығынан көз жұмды деп санайды.

«Ол соттан 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп беруді сұрайды. Қазір іс қарау сатысында», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Загрузка...