Ақтөбеде ашынасымен көңіл көтерген бастықты бопсалағандар тұтылды

171 просмотров

Ашынасымен бірге көңіл көтерген бастықты түсірген видеоны иемденушілдер, ондағы басты қаһарманды бопсалап, 4 миллион теңге талап еткен.

Бұл іс жақында Ақтөбе сотында қаралды деп хабарлады zakon.kz.

Видеоның басты қаһарманы қаладағы ірі кәсіпорынның цех бастығы болып шықты. Ол өзінің қол астындағы келіншекпен көңіл қосады. Кей кездері олар тағы бір жұмыстасының пәтерінде кездесіп тұрады екен. Пәтер иесі онда бастығы кіммен кездесетінін білмеген. Бірақ оның үйінде бейнебақылау камерасы болып шығады. Әрине, оған қос ғашықтың әрекеті таспаға түсіп қалады.

Күндердің күні пәтер иесі арақ ішіп отырып, достарына әлгі бейнежазбаны көрсетеді. Осылайша ол бөтендердің қолына түседі. Ерлан мен Берік деген жігіт, ең алдымен, құпия әрекет түсірілген таспа жазбасының флешкасын бастыққа береді. Артынан олар оны масқараламас үшін ақша — 4 миллион теңге талап етеді.

Цех бастығы өзінде мұндай ақша жоқтығын айтып, бопсалаушылардан күте тұруды өтінеді. Бірақ ақыры ақша таба алмасын білген ер адам полицияға шағымданады. Ерлан мен Берікті полция қызметкерлері құрықтайды. Олар өткен іске өкініш білдіріп, қолдарында кәрі әке-шешесі, кішкентай балалары барын айтып, кешірім сұрап, өздерін соттамауды өтінеді.

Сотта арызданушы оларды кешіргенін, видеоны өзіне қайтарып бергенін, оның көпшілікке жария етілмейтіндігі анықталғаны, сондықтан Ерлан мен Берікті босатуды сұрайды.

Сот тараптардың кешірімі мен өкінішін ескере отырып, бопсалағыш Ерлан мен Берікке 6 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасын кесті.

Загрузка...