Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбеде 6 гей ВИЧ жұқтырған

CHENGDU, CHINA - DECEMBER 1: (CHINA OUT) A migrant worker wears a red ribbon during an event organized by the local government to promote HIV/AIDS knowledge among migrant workers on December 1, 2005 in Chengdu of Sichuan Province, southwest China. China has pledged to keep the number of people living with HIV/AIDS below 1.5 million by 2010, Health Minister Gao Qiang stated at a media conference. (Photo by China Photos/Getty Images)

2006 жылы бұл көрсеткіш 93 пайызды құраса, қазір олардың 15 пайызы ғана ВИЧ-ке шалдыққан. Әсіресе, мамандар жұқпалы аурудың жастар арасында белең алып бара жатқанын айтады. Жыл басынан бері ВИЧ инфекциясына қатысты 10 дерек тіркелді. Оның жетеуі – жыныстық жолмен жұқтырғандар.

“Бұрын бұл індетке тәнін сатушылар мен нашақорлар ғана шалдығатын. Енді жаппай халықтың арасына тарап бара жатқандығы алаңдатады. Әсіресе, ер адамдар көп. Тіркеуде тұрғандардың 57,8 пайызы – ер адам болса, 42,2 пайызы – әйелдер. Өйткені, қыз-жігіттер бей-берекет жыныстық қарым-қатынасқа барады. Интернет пен кафеде танысып, бейтаныс адамдармен жақындасады. Бізге келген еркектер 10-12 серігі болғанын айтады. Бірақ бірінің де толық аты-жөнін не телефонын білмейді. Осыдан кейін ВИЧ жұқтырғандарды табу қиынға түседі”, -дейді ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

ВИЧ жұқтырғандар Хромтау мен Бадамшада көп. Дәрігерлер мұны бұл өңірлердің Ресеймен шекаралас жатқандығымен байланыстырады. Бір ғана Орынбор облысында ВИЧ індетіне 20 мыңнан астам адам шалдыққан. Әзірге, Әйтеке би мен Ойыл ауданында ВИЧ жұқтырғандар тіркелмеген. Алайда бұл індетке шалдыққандар мүлдем жоқ деген сөз емес. Өйткені дәрігерлер өз еркімен келгендерді ғана тексереді. Ауыл жастарының ВИЧ туралы хабары аз. Жыныстық қарым-қатынастан сақтану жолдарын білмейді. ЖИТС орталығының мамандары, әсіресе, өзге елден келген жезөкшелерді бақылаудың қиындығын айтады.

Бүгінгі күні 3 бала ВИЧ инфекциясын анасының құрсағында жұқтырған. Олардың ең кішісі – қазір бір жаста. Уақытылы есепке тұрмаған әйел ВИЧ инфекциясына шалдыққанын білмей, оны сәбиіне жұқтырған. Соңғы 27 жылда облыста ВИЧ жұқтырған 68 жүкті әйел есепке алынған. Оның 34-і дені сау сәбиді өмірге әкелсе, қалғаны жүктілігін үзген. Жүктілік кезінде келіншектер екі рет ВИЧ-тестін тапсыруы тиіс. Аяғы ауыр әйел неғұрлым ерте есепке алынса, ауру сәбиге жұқпайды.

Ақтөбе облысында ерлер мен ерлердің арасындағы жыныстық қатынастан ВИЧ жұқтырғандар да бар. Ең алғашқысы 2010 жылы тіркелген. Қазір ВИЧ жұқтырған 6 гей тіркеуде тұр. Ең соңғы дерек өткен жылдың соңында анықталған. 28 жастағы ер адам дәрігерлерге өзінің еркектермен жақын қарым-қатынаста болғандығын айтыпты.

Мамандар адам жұқпалы ауруға шалдыққан жағдайда 72 сағаттың ішінде вирусқа қарсы препарат қабылдауы қажеттігін айтады. Сол кезде ВИЧ жұқпасының қаупі сейіледі. Бұл үшін ақтөбеліктер ЖИТС орталығының 21-31-97 нөмірлі сенім телефонына хабарласуы қажет. Жасырын түрде ем жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында ВИЧ-ке шалдыққан 348 адам тіркелген. Оның 268-і ел азаматтары болса, қалғандары шетелден келгендер. Қазір 177 ақтөбелік тұрақты диспансерлік тіркеуде тұр. 15 мамыр – СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің қарсаңында мамандар ақтөбелік жастармен кездесу өткізбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз